Алтынбек Ұтысханұлы діни білім алып жатқан шәкірттермен кездесті (+ВИДЕО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен еліміздің әр өңірінде білім алып жатқан шәкірттермен кездесу өтті.

Рухани кездесуге діни университет, медресе-колледждер мен сауат ашу орталықтарында білім алып жатқан шәкірттер қатысты.

Жиында Алтынбек Ұтысханұлы өңірде діни кадр мәселесі өткір тұрғанын тілге тиек етті. Аллаға шүкір қазір облысымызда мешіттер бой көтеріп, сауат ашу орталықтарының жұмысы жандануда.

Осы тұрғыда сапалы да саналы маман тапшылығы сезіліп отыр. Басты міндет оқуларыңызды ойдағыдай аяқтап, өңірдегі асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауға үлес қосуларыңыз, бұл жолда сіз бен бізге артылар жүктің жауапкершіліг зор,-деп атады. Сондай-ақ бас имам уағыз айтуда, халықпен кездесуде, шәкір тәрбиелеудің өзіндік әдептерін де түсіндірді.

Бұдан бөлек облыс ұстаздары шәкірттерге ілім алудағы қиындық пен жауапкершілік турасында насихат айтты.