Атырауда Құранға түскен шәкірттерге құрмет көрсетілді (+ ФОТО)

Атырауда әйелдер жамағаты арасында Құранға түскен шәкіртке құрмет көрсетілді.

Іс шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, шәкірттерге Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Іс шарада Алтынбек Ұтысханұлы Құран оқудың екі дүниедегі сауабы, шарапаты туралы насихат айтып өтті.

Ұстаз Бақыт Амантайқызының айтуынша, сауат ашу курсында білім алған 18 шәкірт Құранды оқуға бет бұрған. 11 адам «Ақида» бойынша сәтті білім алып шыққан.