Алтынбек Ұтысханұлы Доссордағы «Сатан-Шәмек» мешітіне барды

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұмыс сапарымен Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде болды.

Сапар аясында «Сатан Шамек» мешітінде болып, Алла үйінің тыныс-тіршілігімен танысты. Күні кеше ғана имам болып тағайындалған Қуаныш Сәрсенұлының қызметіне сәттілік тілеп, мешіттің қызметі мен дін жолында шәкірттер тәрбиелеуде аянбай қызмет етуге шақырды.

«Біз әрқашан жас кадрларды қызметке тартып, сауатты жамағат қалыптастыруымыз керек. Осы жолда баршамыз атсалысамыз»-деп атап өтті бас имам.

Еске сала кетсек, Қуаныш Есешов Доссор кенті » Сатан Шамек»мешітіне имам болып тағайындалған еді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.