Атырау облысының Бас имамы Доссор мешітіне бірқатар тапсырмалар берді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Доссор мұсылмандары» мешітінде болды.

Сапар барысында Бас имам жамағатқа жаңадан имам болып тағайындалған Мағжан Игенбайұлын таныстырды.

Он үш жылға жуық аталған мешітте имамдық қызмет атқарған Елдос Оташбаевқа ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Сондай ақ, Алтынбек Ұтысханұлы жиналған жамағатқа Қасиетті Рамазан айының құндылықтарын насихаттады.

» Қасиетті айда мешіттен табылып, рухымыз қалай қуат алса, Рамазаннан кейін де ауызбіршілігіміз жоғалмай жаңа имамның жанынан табылып, қолдау білдіріңіздер «-деп атап өтті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.