Атырауда орталық мешітке Айт намазына 5000 адам жиналды (+ ФОТО)

Атырауда Ораза Айт намазы оқылды.

Орталық «Иманғали» мешітіне 5000 жамағат жиналды.

Отыз күн оразадан кейін, қасиетті Айт намазы облыстың барлық мешіттерінде жергілікті уақытпен таңғы сағат 07.00-де оқылды.

“Қасиетті Рамазанда ұстаған ораза, жасаған сауапты амалдарымыз қабыл болғай. Қасиетті Айттан Айтқа аман-есен жете беруімізді нәсіп еткей” деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жиналған жұртшылықты құттықтау барысында.

Мұсылман әлемі асыға күтетін мереке құрметіне бүгін Атыраудағы облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде түрлі қайырымдылық шаралар, ұлттық ойындардан жарыстар жоспарланған.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.