Алтынбек Ұтысханұлы Индер ауданы жамағатымен кездесті

Индер ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аудандық мешітке барды.

Мешіттің тыныс-тіршілігімен танысқан Бас имам ішкі шаруашылық мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, жергілікті жамағатпен жүздесіп, жат ағымдарға кіріп кетуден сақтану тақырыбында насихат айтты.

«Ислам – бейбітшілікті насихаттайтын дін. Ықылым заманнан мұсылмандықты ұстанған халқымыз дініне, діліне берік болған. Үлкенді сыйлау, жетімді жылатпау, жесірге қамқор болу сынды ізгі қасиеттерді ислам әркез дәріптеген. Радикалды ағымдар халқымыздың дәстүріне қарсы шығады, бұл қателік» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.