Алтынбек Ұтысханұлы Бөдене ауылында салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Индер ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Бөдене ауылында салынып жатқан 200 орындық мешіт құрылысымен танысты. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен салынып жатқан мешіт құрылысы бүгінде қарқынды жүруде.

Мешіт жанынан имам үйі, таһаратхана құрылысыстары да қоса жүргізілуде.

Құрылыс басындағы жұмыстармен танысқан Атырау облысының Бас имамы Индер ауданының бас имамы Ералы Қамзағалиевке құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды, құрылысты сапалы әрі уақытында аяқтауды қадалағауды тапсырды.