Бас имам Дамбы ауылындағы Қайырымдылық мекемесі құрылысымен танысты

Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылындағы Атырау селолық мешіті жанынан бүгінде Қайырымдылық орталығы салынып жатыр.

Қос қабатты ғимаратта сексенге жуық шәкірт білім алып, діни, рухани бағытта сауат ашады деп күтілуде.

Кәсіпкерлердің демеушілігімен салынып жатқан қос қабатты ғимараттың бүгінде шатыры жабылып, ішкі жұмыстары қалған. Бас имам ғимарат құрылысына атсалысып жатқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.