Алтынбек Ұтысханұлы Индер ауданының бас имамына тапсырмалар берді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Индер ауданының бас имамы Ералы Қамзағалиевты қабылдады.

Қабылдау барысында Индер ауданындағы мешіттердің ахуалы талқыланды.

Индер ауданында үш мешіт бар. Орталық мешіт және Жарсуат, Есбол ауылдарындағы мешіттер. Аталған мешіттерде барлығы 9 қызметкер еңбек етіп жатыр. Оның төртеуі дін мамандары.

«Қазіргі таңда ауданда діни кадрлар жетіспеушілігі мәселесі өткір тұр. Осының салдарынан уағыз-насихат жұмыстарының аздығы байқалып отыр. Жат ағыммен күрес бағытындағы жұмыстарды да күшейту керек. Себебі, Индер ауданында деструктивті бағыт бойынша проблемалар бар.

Атап өтерлігі – Индер ауданындағы мешіттерде шәкірттермен жұмыс жақсы жолға қойылған» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.