Күні бүгінге дейін «Зерде» тіс емханасының демеушілігімен, 8 отбасының баласына тегін стамотологиялық қызмет көрсетілді.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтардың балаларына сапалы медициналық қызметті тегін алуға мүмкіндік беріп отырған «Зерде» тіс емханасына алғыс айтты.
«Бүгін Өмірзақ ағамызға осындай сертификатты табыс еттік. Өмірзақ аға мүмкіндігі шектеулі азамат, әрі мешітіміздің тұрақты жамағаты. Отбасында бірнеше бала тәрбиелеп отырған әке.
Қазіргідей қымбатшылық заманда мұқтаж шаңырақтарға қолдау көрсетіп отырған «Зерде» стамотологиялық орталығына орталық «Иманғали» мешіті және жамағаты атынан алғыс айтамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.