Атырауда Астанадағы Ислам институтын қолдауға арналған буклеттер таратылды

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен, ерекше шара өтті.

Астана қаласында ашылған Ислам институтын қолдау мақсатында «table tend» ақпараттық буклеттерін таратты.

QR кодқа өту арқылы, жаңа институт туралы толық ақпарат алуға болатын буклеттің 200 данасы мешіт жамағатына, халал дәмханаларға таратылды.

Еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институты» ашылды. Қазіргі таңда институт болашақ ислам ғалымдарын даярлайды. Сонымен қатар, елімізде тұнғыш рет Құран ижазасын беретін институт болып бекітілді. Бұл үлкен бастама.

Еліміздегі ислам институтын қолдау мақсатында «Уақып» қорының тарапынан «table tend» жобасы жасалынды.