Алтынбек Ұтысханұлы Мәуліт кешіне қатысып, насихат айтты

Қасиетті Мәуліт мерекесіне орай, Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде рухани кеш өтті.

Іс-шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, жамағатқа насихат айтты.

“Мінезі Құран болған әз Пайғамбар” тақырыбын қамтыған насихат аясында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жамағатты бірлікте болуға, көркем мінезді болуға шақырды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с ) үш нәрседен сақтанатын:
Тартысудан және ұрсудан;
Қажетсіз сөйлеуден;
Өзін қызықтырмайтын іспен айналысудан.
 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сөйлеген кезде барлық сахабалар үнсіз қалып, бастарын иіп тыңдайтын.

Көпшілік бір нәрсеге күлсе, ол тек күлімсіреп қоятын. Егер бөтен біреу оған құрметсіздік жасап, дөрекі сөйлейтін болса, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оны сабыр етіп, үнсіз тыңдайтын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзін мақтағанды жақсы көрмейтін.

Екі дүниенің ардақтысы болған Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осындай өнегелі мінез-құлыққа ие болған” деген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мінезінен үлгі алуға үндеді.


Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.