Атырау облысының Бас имамы, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологы Алтынбек Ұтысханұлы жалпы білім беретін №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте 8-11 сынып оқушыларымен кездесті.
«Парасатты ұрпақ – ел болашағы»,»Зайырлы тұрғыда білім алу – заман талабы» тақырыптарында насихат айтқан Алтынбек Ұтысханұлы жастарды білім алуға, қоғамға пайдалы адам болуға шақырды.
«Пайғамбарымыз: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтқан. Ілім – адамның күллі тіршілігіне, ахиретіне (о дүниесіне) құлшылығына қажет болатын құрал, білімді болумен қатар көркем мінезге ие болу үлкен жетістік. Ілім ғибадатының кемшіліксіз орындалуына жол ашады. Білімдінің дәрежесі көтерілетіні хақ. Хакім Абай атамыз да «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деп, білім алудың маңызына қатысты көп дүние айтқан» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.