Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы облыстағы бірқатар кәсіпорын басшыларына дәріс оқыды.
Адал өнім, адал астың шариғаттағы маңыздылығына тоқталған Алтынбек Ұтысханұлы әлемдік нарықта халал өнімдерге сұраныс артып келе жатқандығын айтты.
«Әрбір жүріс-тұрысымыз, мінезіміз бен әрекетіміз тамағымыздан өткен нәрсеге тікелей байланысты. Сол себепті әрқашан адал аспен қоректену мұсылман баласы үшін міндет. Шариғатымызда бұл туралы көптеген аят-хадистер бар» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, ҚМДБ жанынан «Халал даму» мекемесі жұмыс істеп келеді. Аталған мекеме еліміздегі өнім өндіруші кәсіпорындарды халал стандарттаумен айналысып келеді.