Алтынбек Ұтысханұлы садақаларда жарыса сөйлеуден арылуға шақырды

Асылында, үлкендердің ғибратты сөзі, имам уағызы жеткілікті.

«Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты» деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

«Марқұмның атынан ас берілгенде, негізгі ниет – бір Құдайдың разылығын ғана табу болуы тиіс. Ас беруші шаңырақ осы ниеттен арылмауы қажет.

Құдайы астағы оқылған Құранның, жасалған дұғаның, берілген садақаның мақсаты – тірілердің не ойлайтыны емес, марқұмның мәңгілік өміріне пайдасын тигізетін ізгі амал жасап сауабын бағыштау.

Имамдар 5-7 минут көлемінде Құран оқып, қысқаша уағыз айтса, жеткілікті. Және туыстарға кезек-кезекпен сөз беріп, мұндай садақаларда жарыса сөйлеу қажет емес. Көңіл айту кезінде марқұмның тек жақсы жағын айтып, дәріптеген дұрыс. Асылында, үлкендердің ғибратты сөзі, имам уағызы жеткілікті» деп атап өтті спикер Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, өткен жылы республикалық имамдар форумында мүфтият тарапынан «Ас беру мәдениеті» құжаты қабылданған болатын.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.