ШОЛУ: Бас имам Алтынбек Ұтысханұлының Жылыой ауданына сапары несімен есте қалды? (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған діни делегация Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар іс-шараларға қатысты.

Жылыой ауданында Атырау облысы имамдарының көшпелі мәжілісі өтті.

Онда мүфтият бекіткен биылғы негізгі 7 жұмыс бағыты талқыланды.

Бас имам Жылыой аудандық орталық мешіт жанындағы 70 орындық асхананың ашылу рәсіміне қатысты.

Жылыой аудандық орталық мешіт жанынан 22 орындық дәрісхана ашылды.

Бас имам аталған құлшылық үйі жанынан 25 орындық заманауи конференц залды ашты.

Сондай ақ, аталған мешіт жанынан таһаратхана пайдалануға берілді.

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданының әкімі Халел Жамаловпен бірге жергілікті ақсақалдар, зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен “Зират және зиярат”, “Ас беру мәдениеті” құжаттары және жаназа, жерлеу рәсімдерін біріздендіру жайы талқыланды.

Алтынбек Ұтысханұлы жылыойлық кәсіпкерлермен кездесті.

Бас имам  Алтынбек Ұтысханұлы 103 жастағы абыз ақсақал Абдолла Абдрахмановтың шаңырағына арнайы барып, бата алды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.