Алтынбек Ұтысханұлы шәкірттерге Құран кітабын сыйлады

Дәріс алып жүрген ізденуші шәкірттердің зейініне ризашылығын білдірген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы 30 Құран кітабын сыйға тартты.

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп дана Абай атамыз өсиет айтып кеткен еді. Құран – ғылымның, ілімнің, өркениеттің бастауы. Құранды оқудың, меңгерудің және үйренудің сауабы мол. Ізденістеріңізге сәттілік тілеймін. Еліміздің ынтымағын, берекесін арттыру жолындағы істеріңізге абырой бергей» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер тәжуидті аяқтады. Енді олар Құранның әріптерін жаттап, қасиетті Құранды оқу мүмкіндігіне ие болуда.

Еске сала кетелік, биыл Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанынан Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылды. Аталмыш орталық діни білім жолында ізденушілерге бағыт беруде.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.