Атырау мешіттері жылды қорытындылап, имамдар марапатталды (+ ФОТО)

Атырауда облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен жиын өтті.

Қала, аудан имамдары қатысқан жиында 2021 жыл қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды.

«Жақында елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен төралқа жиыны өтті. Мәжілісте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі ақпарат саласындағы жұмысы үшін үздік деп танылды.

Десе де, атқарылар істер де бар. Қабірлерді реттеу, зираттарды шариғи тұрғыда орналастыру, әйел жамағаты арасында жат ағыммен күрес мәселелеріне көбірек назар аударуымыз қажет. Сонымен бірге, уағыз-насихат, идеологиялық жұмыстар бағытында әлеуметтік желілерді пайдалану аясын кеңейту керек» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Сонымен бірге, облыс мешіттерінің бір топ имамдарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хаты тапсырылды.

Марапатталғандар қатарында Эммат Ғұмаров, Жасұлан Қағазғалиев, Мақсот Бағытжанов, Ералы Қамзағалиев, Өсімхан Тілеуов, Жамбыл Ыбрашев, Ерболат Боханов, Мақсат Алпысбаев, Баян Жанұзақова бар.

Жыл ішінде нәтижелі еңбегімен көзге түскен имамдарға, ұстаздарға облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының алғыс хаты табысталды. Олардың қатарында Арман Исаев, Саламат Иманғалиев, Наркес Боханов, Мұрат Ғазизов, Олжас Асанұлы, Нұркен Мағриденұлы бар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.