Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Республика күніне орай, «Шапағат» медалімен марапатталды.
Мемлекеттік награданы Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов салтанатты жағдайда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен ресми жиында табыс етті.
Мемлекеттік награда ретінде 1993 жылы белгіленген «Шапағат» медалімен Алтынбек Ұтысханұлы жемісті қамқоршылық қызметі мен қайырымдылық ісі, рухани саладағы табысты еңбегі үшін марапатталды.
Еске сала кетелік, Республика күні – елімізде ұлттық мереке ретінде қайта атап өтіле бастады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының егемендік декларациясы қабылданған болатын.