Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиевты қабылдады.
Қабылдау барысында мешіттің ішкі ахуалы, атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды.
Бүгінгі таңда аталмыш мешітте төрт діни қызметкер еңбек етіп жатыр. Оның біреуі бас имам, екі наиб имам және азаншы.
«Басты жаңалық бүгінгі таңда аталмыш мешіт жанынан кішігірім студия жасақталған. Онда әлеуметтік желілер үшін тікелей эфирлер жүргізіліп, роликтер түсіріліп жатыр. Қазіргі таңда Сұлтан Бейбарыс мешіті инстаграм желісінде белсенді жұмыс атқарып келеді. Өзіндік аудиториясы да қалыптасқан» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.
Қабылдау барысында Бас имам Сұлтан Бейбарыс мешітіне жат ағыммен күрес, оңалту бағытындағы жұмыстарға көбірек көңіл болып, кешенді жоспар құруды тапсырды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барлық облыс имамдарына жергілікті мешіт имамдарын жеке қабылдап, әр мешіттің тынысымен жақын танысуды тапсырған болатын.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.