Алтынбек Ұтысханұлы университет ректорымен кездесті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған діни делегация Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ректоры Гүлзада Шакуликовамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ұрпақ тәрбиесіндегі әріптестік байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

«Халқымыздың дүниетанымында имандылық – діни сенім ғана емес, мәдениет, адами асыл қасиеттердің жиынтығы. Ислам – өркениетіт, білімді қолдайды және дәріптейді. Біз саналы, білімді, рухани қуатты ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Кездесуде ғылым-білім беру мекемелері мен діни ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың маңызы талқыланды.
Алдағы уақытта бірлескен ғылыми және мәдени бағытта бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.