Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті «Атырау» телеарнасына сұхбат берді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті «Атырау» телеарнасына сұхбат берді.

«Карантин жағдайындағы ғибадат» тақырыбы қозғалған сұхбат барысында Бас имам мешіттерде жамағатпен намаз оқуға уақытша шектеу қою мәселесіне түсіністік танытуға шақырды.

«Адам баласы денсаулықтың қадірін білуі керек. Денсаулық бізге берілген аманат. Індет күшейіп тұрған қазіргідей күрделі ахуалда барынша сақтануға тырысуымыз керек. Жамағатпен намаз оқыған әрине ізгі амал, бірақ, қазіргі жағдайда құлшылықты үйде жасағанымыз абзал» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.