Атырауда қасапшыларға халал стандарттау бойынша сертификат тапсырылды

«Иманғали» орталық мешітінде қасапшыларға арнайы сертификатты «Халал Даму» мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы мен журналист Нұркен Мағриденұлы табыстады.

Қылышбай Досаков пен Еркебұлан Жағыпаровқа ҚМДБ Халал стандарттау бөлімі мал бауыздау және ет өңдеу саласындағы Халал стандарты бойынша арнайы сертификат, куәлік және қасапшының мөрі табысталды.

Айта кетейік сертификат иегерлері қасапшыларға арналған «Қасапшылық-сауапты һәм жауапты іс» атты оқу семинарына қатысқан болатын.