Алтынбек Ұтысханұлы жетімнің ақысы туралы уағыз айтты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қаласы маңындағы Ракуш ауылындағы Ықылас мешітіне барып, жамағатқа жұма намазын жүргізді.

«Асыл дініміз Ислам мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, қамқорлық танытуға бұйырады. Мұқтаж деп танылатын адамдардың қатарында ең әуелгісі –жетімдер. Дінімізде жетім деп анасы мен әкесі бірдей жоқ болған баланы айтумен қатар, анасы бар бола тұрып, әкесі жоқ болса да жетім деп танылады. Ал жетімге қамқорлық деп жетім қалған кішкене баланың қажетінде болуды, қамқорлық етіп, оны тәрбиелеуді, ер бала болса, ер жеткенге дейін, қыз бала болса, бой жетіп, тұрмыс құрғанына дейін оған жақсылық жасауды айтамыз» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.