Алтынбек Ұтысханұлы журналистерді марапаттады (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бір топ журналистерді Құрбан айт мерекесімен құттықтап, марапаттады.

Кездесу аясында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы облыста салынып жатқан мешіттер құрылыстары, діни кадрлар даярлау, қайырымдылық бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

«Бүгінгі таңда мешіттер құлшылық ошағы болумен қатар, тәрбие, қоғам бірлігі, қайырымдылық, руханият бағытында келелі істер атқарып отырған ордаға айналды. Мәселен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж шаңырақтарға баспаналар берілуде. Орталық «Иманғали» мешіті жанынан ашылған Қайырымдылық мекемесінде мұқтаждарға күнделікті азық-түлік, киім-кешектер берілуде. Осындай шара қала, аудан, ауыл мешіттерінде тұрақты ұйымдастырылуда. Діни кадрлар даярлау мақсатында облыста тұңғыш рет Қарилар орталығы ашылды. Бұдан бөлек, медресе құрылысы салынуда» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Құрбан айт құрметіне марапатталғандар қатарында «Атырау» телеарнасы директорының орынбасары Балауса Халелова, «Каспиан ньюс» арнасының директоры Қазбек Кертаев, «Атырау» облыстық газеті бас редакторының орынбасары Азамат Базарбаев, «Прикаспийская коммуна» газеті бас редакторының орынбасары Қайрат Сатаев, «Атырау – Ақпарат» ЖШС «Жаңа медиа» бөлімінің аға операторы Арсен Боранов, «Каспиан лайф» сайтының журналисі Рахым Қойлыбаев, республикалық «Жас қазақ» газетінің меншікті тілшісі Нұргүл Исмағұлова, «EXP.KZ» сайтының журналисі Фархат Абилов, «Ақжайық» газетінің журналисі Нұрбейбіт Нұғманов, «ATРreskz» сайтының бас редакторы Динара Қанбетова, «ATPress.kz» сайтының журналисі Серікбол Панабердиев, «Атырау» газетінің журналисі Гүлжан Әмірова, «atr.kz» сайтының бас редакторы Амандық Абдолов, «Ұстаздық еңбек» газетінің журналисі Абай Ақмұрзиев, Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі оператор-монтажеры Салауат Қожықов бар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.