Атырау мешіттері 11 250 балаға айттық сыйлады (+ ФОТО)

Қасиетті Құрбан айт мерекесінде Атырау мешіттері облыс аумағында ауқымды шараларды жүзеге асыруда.

Соның ішінде, Құрбан айттың алғашқы екі күнінде қала, аудан, облыс мешіттерінде 11 250 балаға айттық сыйлықтар үлестірілді.

Тәттілер салынған сыйлық пакеттерін мешіттер имамдары, ерікті жастар көшелерді аралап, балаларға табыс етті.

«Құрбан айт – ұлық мереке. Қазақта «Берсең, балаға бер» деген тамаша сөз бар. Ізгілік мерекесінің шарапатын балалар да сезінуі қажет» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.