Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақовамен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, қоғамдық тұрақтылық, жамағат бірлігі мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, ауданға діни кадрларды тұрақтандыру, мешіттерді сапалы, білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Кездесу аясында тараптар өзара әріптестікті нығайтуға уағдаласты.