Астана мешіттерінің қызметкерлері аттестациядан өтті

Республикалық бас мешітте Астана қаласы мешіттерінің діни қызметкерлері аттестаттаудан өтті.

Аттестаттау тест және ауызша сұрақ-жауап бөлімдерінен тұрады.

Тест бөлімінде ақида, фиқһ, Ислам тарихы және Қазақстан Республикасының заңнамасы бағыттары, ауызша сұрақ-жауап бөлімінде қирағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр, ҚМДБ-ның тұжырымдамалық құжаттары бағыттары қамтылды.

Аттестаттау іс-шарасы бұдан әрі басқа өңірлерде де жалғасын табады.