«Әт-Тақуа» мешітінде араб тілі бойынша білім сайысы өтті

«Әт-Тақуа» мешітінде араб тілін үйренуге ниет білдірген жамағатқа арналған дәрістер тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Осыған орай мешіт ұстазы Қуаныш Сәрсенұлының шәкірттері арасында араб тілінің морфологиясы (сарф) ғылымы бойынша негізгі оқулықтардың бірі саналатын «Әл-Бина» кітабынан білім жарысы ұйымдастырылды.

Жарыс барысында шәкірттер өз білімдерін сарапқа салып, алған ілімдерін пысықтауға мүмкіндік алды.

🏆 Жүлдегерлер:

🥇 Ахметов Азамат

🥈 Жәнен Дамир

🥉 Ерболұлы Сағынғали

Алла Тағала ілім жолындағы талпыныстарын берекелі етіп, пайдалы білім нәсіп етсін!