МАҚАТ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ «ФИРДАУС» КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «TALAPTAN QUIZ» интеллектуалды білім сайысында 18 команданың арасынан Мақат орталық мешітінің «ФИРДАУС» командасы үздік өнер көрсетіп, Бас жүлдені жеңіп алды! 🎉

Сайыс қорытындысы бойынша команда:

🥇 Бас жүлде – 150 000 теңге

🏆 Кубок

📜 Арнайы алғыс хатпен марапатталды

Бұл жеңіс – білімге деген құштарлықтың, ұйымшылдықтың және қажырлы еңбектің жарқын жемісі.

«ФИРДАУС» командасының мүшелерін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!

Берекелі білім мен игі бастамалар жалғасын таба берсін!