Атырау ет орталығына халал сертификаты берілді

Атырау облысының Бас имамы  Алтынбек Ұтысханұлы
Атырау қаласында   орналасқан  «Атырау ет орталығының» басшысы   Азамат Нұрланұлына   «ҚМДБ Халал қасапхана» сертификатын табыстады.

Аталмыш қасапхана «Атырау ет орталығы»  ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою ЖШС  СТ 96090-2-2021 стандартына сай.
Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар  ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды.

Сертификаттың  мерзімі  09.10.2023 дейін жарамды» делінген құжатта.