Атырауда қасапшыға куәлік табыс етілді

 Атырау облысының Бас имамы  Алтынбек Ұтысханұлы
Бағдат Есенгелдіұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал қасапшы кәулігі» мен  сертификат табыстады.

 «Бір қарағанда оңай секілді көрінген қасапшылықтың шариғатымызда бекітілген, халал стандартымызда нақтыланған өзіндік талаптары мен ерекшеліктері бар.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала барлық нәрсені жақсылап істеуді бұйырды. Сондықтан, мал сойсаңдар, дұрыстап сойыңдар», – деген. Демек, мал союда да тәртіп сақталуы керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

«Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі «Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою» халал стандарты бойынша «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинарын тәмәмдағанын растайды» делінген құжатта.
Сертификаттың  мерзімі  27.09.2024 дейін жарамды.