Атырау: «Иманғали» мешітінде қызметкерлерге Рамазан сыйлықтары үлестірілді (+ ФОТО)

Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық «Иманғали» мешітінің ұжымына сыйлықтар табыс етті.

Ұжым мүшелерін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаған Алтынбек Ұтысханұлы ораза кезінде мұсылмандардың бір-бірін қуантуы ізгі амал екендігін айтты.

«Рамазанды сезіндіру, бауырларымызға қуаныш сыйлау өте маңызды. «Адамдарды қуантыңдар» деген хадис те бар. Осы ретте, қасиетті ай құрметіне ізгі іс атқарып отырмыз. Мақсатымыз – ұжымдық рухты, бірлікті күшейту» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.