Атырау мешітінде Мәуліт мерекесінің құрметіне кітап сыйлау акциясы өтуде

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті Мәуліт мерекесінің құрметіне ерекше акцияны бастады.

Адамзаттың ардақтысы, Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) 1000 салауат айтқан 100 адамға белгілі ғалым Алау Әділбаевтың «Сахабалардың пайғамбарға деген сүйіспеншілігі» кітабы үлестірілуде.

«Пайғамбарымызды жақсы көрудің негіздері», «Сахабалардың пайғамбарға деген сүйіспеншілігі», «Оған деген сағыныш», «Оның аманаттарын тәбәрік ету», «Сүйіктінің жақсы көргендерін жақсы көру: Сахабалар және әһл – бәйт» бөлімдерінен тұратын кітапта Құран аяттары және хадистер, Пайғамбарымыздың жоғарғы мәртебесі, ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы кеңінен жазылған.

Қалың оқырманға арналған кітаптың тәрбиелік мәні зор. Мәуліт құрметіне іс-шаралар легі жалғасын табады» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.