Жылыой имамдары Құрманғазы ауданына барып тәжірибе алмасты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен   Жылыой ауданының имам ұстаздары Құрманғазы ауданына барып, бірқатар шараларға қатысып тәжірибе алмасып қайтты.


Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев Құрманғазы ауданы жамағатымен кездесіп, ихсан ілімі тақырыбында насихат айтты. Және аудан мешіті жанынан салынып жатқан медресе құрылыс нысандарымен танысты.

«Мұндай тәжірибе алмасулар жұмыстарды жаңаша бағытта жоспарлау үшін де керек. Және имамдардың өзара пікір алмасулары, ой бөлісулері арқылы әріптестік қатынастарымыз жетіле түспек» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.