Атырау облысы тұрғындарының қолдауымен Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберілді.
50 тонна болатын көмекті жанашыр атыраулық азаматтар жүк көлігімен Қостанайға жеткізетін болады.
Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға гуманитарлық қолдау қысқа мерзім ішінде жиналды. Асарға жергілікті билік органдары, «Amanat» партиясы, Атырау облысының қала, барлық аудандардағы мешіттері арқылы да жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, қарапайым халық атсалысты.
«Қайғы бөліссе азаяды. Осындай сын сағатта халқымыздың бірлігі көрінеді. Қостанайлықтарға Алла сабыр берсін. Біз біргеміз» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі