Атырауда «Иманғали» мешіті мүгедектер қорына ет табыстады

20 пакет болатын ет «Балықшы мүгедектер қоғамының» төрайымы Әмина Нысанғалиеваға тапсырылды.

Құрбан малының еті мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйді-үйіне әрі қарай жеткізілетін болады.

Іс-шараны ұйымдастырған «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінде мұндай ізгі шаралардың айына бірнеше мәрте ұйымдастырылып отыратындығын атап өткеніміз жөн.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.