Атырауда орталық мешіт қайырымдылық шарасын өткізді

Орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінде кезекті ізгілік шарасы өтті.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қалалық қоғамдастығына құрбан малының еті жеткізілді.

Қоғамдастық еттерді әрі қарай мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізетін болады.

Айта кету керек, орталық мешіт жанындағы Қайырымдылық мекемесінде айына екі рет қайырымдылық шарасы өтіп тұрады. Шара аясында мұқтаж шаңырақтарға азық-түлік, киім-кешектер үлестірілуде.