Атырауда имамдар Индер ауданындағы тарихи орындарға зиярат етті (+ ФОТО)

Атырау облысының имамдары «Дархан дала» жобасы аясында Индер ауданына барып тарихи орындарды зиярат етті.

Атап айтар болсақ, 19 ғасырдағы шоқтығы биік тұлғалардың бірі зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлының, Қарой жеріндегі Махамбет Өтемісұлының кесенесіне барып құран оқыды.

Сапар барысында жергілікті ауыл тұрғындары мен ақсақалдар қасиетті тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берді.

«Қазақтың әдебиеті мен тарихында айрықша орны бар тұлғаларды зиярат еттік. Бұл имамдардың рухани тұрғыда білім – біліктілігінің артуына, жамағат арасында насихат жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді. Біздің өңірімізде даналар, би-шешендер өткен. Біздің имамдар тарихты білуі керек» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Сапар барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы қасиетті орындардағы естелік кітапшаға қолтаңба қалдырды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.