Құрбан малының еттері көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға таратылуда.
Қасиетті Құрбан айт мерекесінің бірінші күні облыс бойынша қала, аудан, ауыл мешіттерінде 2595 отбасына, екінші күні 1900 отбасына ет таратылды.
Оның ішінде, Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 101 қой, 2 ешкі, 4 сиыр құрбандыққа шалынды. Екінші күні 856 қой, 17 ешкі, 22 сиыр, 1 түйе құрбандыққа сойылды.
Осылайша, облыс мешіттері арқылы Құрбан айттың екі күнінде 957 қой, 19 ешкі, 26 сиыр, 1 түйе құрбандыққа шалынып, еттері мұқтаж шаңырақтарға таратылып отыр.
Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесі кезінде жұртшылыққа qurban2022.kz сайты арқылы, қашықтықтан құрбан шалуға мүмкіндік беріп отыр.
Құрбандығыңыз қабыл болсын!
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.