Атырау мешіттері жаппай зират басына тазалық жүргізді (+ФОТО)

Бүгін мүфтиятқа қарасты барлық мешіттер ел бойынша мұсылман зираттарын тазалауға қатысты.

Аталмыш акцияға Атырау облысы бойынша барлық 35 мешіт атсалысты.

Орталық «Иманғали» мешітінде Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы бастаған ұжым атынан марқұмдардың рухына дұға бағышталып, қүрбан шалынды. Кейін орталық мешіт ұжымы Атырау қаласындағы Ноғай мәйітіне тазалық жүргізді.

Атырау қаласындағы «Мәулімберген» мешіті жергілікті әкімдік, «Арнаулы автобаза», жергілікті тұрғындарды жұмылдыра отырып, Қамысмола, Саяжай маңы зираттарына тазалық жасады.

Облыс орталығындағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті Томарлы мәйітіне, Махамбет ауданындағы Исатай -Махамбет мешіті
аудан орталығындағы Қазақ мәйіт қауымына және Өтеміс қауымына,
Сарайшық, Бейбарыс ауылдары мешіттері жергілікті қауымдарға, Жылыой ауданы бойынша барлық алты мешіт зират бастарында сенбілік жүргізді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.