Бас мүфти Алматыда «Зекет» өкілдерімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында «Зекет және қайырымдылық» қорының аймақтағы өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 7 бағыт бойынша басты жұмыстарының бірі – қайырымдылық. Сіздер карантин кезінде де қайырымдылық акцияларын жоғары деңгейде ұйымдастырдыңыздар. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмысымызға жоғары бағасын беріп, игі тілегін білдірді. Сіздерге өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан тағы да айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!» деді.

Басқосуда Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдеріне нақты тапсырмалар берді.