Атырау мешіттерінде 1000 балаға сөмке таратылды

Атырауда орталық, қала, аудан, ауыл мешіттері «Мектепке жол» республикалық акциясына қолдау көрсетті.

іс шараны «Зекет және қайырымдылық қорының» Атырау облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырды.

Көп балалы отбасылардан шыққан балаларға оқуға қажетті канцеляриялық құралдар жинақталған сөмкелер табыс етілді.

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы бір ғана орталық «Иманғали» мешітінде 200 балаға сөмке табыс етті.

«Оқу, білім алу – парыз. Бала шақта сапалы білім алып, тәрбиелі азамат болып өсуге шақырамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Айта кетелік, «Зекет және қайырымдылық қоры» оқушыларға арнап биыл алғаш рет «Зекет ай» сөмкесін өндіріске шығарды.