Атырау мешіттерінде бір күнде 350 түп жеміс ағашы отырғызылды (+ ФОТО)

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 30 мың түп ағаш егуді жоспарлаған болатын.

Осыған орай, Атырау облысы бойынша барлық мешіттерде 350 түп жеміс ағашы егілді.

«Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. Егілген жеміс ағашының жемістерін адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе, сауап болады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.