Атырауда Құран, намаз оқуды үйрететін онлайн курс ашылды (+ ФОТО)

Қасиетті Құран түскен Рамазан айының қарсаңында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде арнайы курстар ашылып отыр.

Құран оқып, жаттаудың тиімді жолдарын, намаз оқуды үйрететін курстарды Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Көктөбе қарилар орталығының ұстазы Абдулазиз Қошқаров жүргізуде.

Атырауға арнайы шақыртылған ұстаз өңір имамдары және дін қызметкерлері үшін семинар өткізді. Семинар барысында ұстаз Абдулазиз Қошқаров қари дайындау, қарилыққа әзірлену, Құранды тиімді әдістермен жаттау жолдары сынды методикалармен бөлісті.

Онлайн курстар Атырау облысындағы мешіттердің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жүргізіледі.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.