Атырау мешіттерінде жазғы сауат ашу курсы маусымына 388 бала қабылданды (+ ФОТО)

Атырауда балаларға арналған «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсы басталды.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы балаларды қабылдап, бүлдіршіндер арасындағы жазғы білім алу маусымының ашылуымен құттықтады.

«Сіздер білім алу, дүниені тану, таным көкжиегін кеңейтуде үлкен қадам жасап отырсыздар. Сауат ашу курсы кезінде «Құран», «Әдеп», «Имандылық» тақырыптарында сабақтар өтеді. Алла зейіндеріңізді ашсын. Сіздерді сапалы білім алуға шақырамын. Болашағымызды жасайтын сіздерсіздер. Сіздердің әр қадамдарыңызға сәттілік тілеймін» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, сауат ашу курсы үш айға созылады. Кейін маусым қорытындыланып, шәкірттерге сертификаттар беріледі.

Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша мешіттерге жазғы сауат ашу курсына 388 бала қабылданды. Оның ішінде, 80 балғын орталық «Иманғали» мешітінде дәріс алып жатыр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.