Бүгін елімізде «Берекелі Рамазан керуені» онлайн марафоны өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде өткен қайырымдылық акциясы аясында Атырау облысына қарасты барлық мешіттерде 640 отбасына қамқорлық көрсетілді. Оның ішінде бір ғана Атырау облыстық «Иманғали» мешітінде 100 мұқтаж отбасына қайырымдылық көрсетілді.
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img_9563-1024x683.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img_9577-1024x683.jpg)
Орталық «Иманғали» мешіті, қала, аудан және ауыл мешіттерін толықтай қамтыған қайырымдылық акциясы барысында мұқтаж отбасыларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері жеткізілді.
Республика бойынша бүгін мүфтият 11700 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізіп, қуаныш сыйлады.
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img_9527-1024x683.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img_9543-1024x683.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img-20210430-wa0281-1024x766.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img-20210430-wa0164-1024x768.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img-20210430-wa0112-1024x598.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img-20210430-wa0060-1024x768.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img-20210430-wa0084-1024x1024.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img-20210430-wa0128.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img-20210430-wa0059-1024x767.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img-20210430-wa0137-766x1024.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img-20210430-wa0047-768x1024.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img-20210430-wa0046-768x1024.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2021/04/img-20210430-wa0160.jpg)
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.