Жылыой ауданының бас имамы әйел жамағатқа уағыз айтты

Жылыой аудандық орталық мешітінің мәжіліс залында әйел жамағатымен кездесу өтті.

Карантин жағдайына байланысты, шағын құрамда өткен кездесуде Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қуанышұлы Рамазан айының қадір – қасиеті туралы уағыз айтты.

«Оразаның ең маңызды ерекшелігі мен оның негізгі мақсаты – адамның нәпсісін игеруге, тәрбиелеуге көмектеседі. Адамның ерік жігерін, күшін арттырады. Таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ, сусын секілді нәрселерден нәпсісін тежей білген адам кез келген сәтте күнәлі істерден де нәпсісін ауыздықтай алады. Ораза тұту адамды ұстамдылыққа, сабырлылыққа, сөзіне берік әрі ісіне ұқыпты болуға тәрбиелейді» деп атап өтті Жасұлан Қуанышұлы.

Кездесу соңында қатысушыларға «Рамазан айы» және «Әйелдерге тән мәселелер» атты кітаптар сыйға таратылды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.