amin.kz/ 4 тамыз , 2020 жыл. Бұл туралы екі жақты кездесу кезінде белгілі болды.
Құрбан айтты санитарлық талаптарды сақтай отырып, құрбан шалу рәсімін қашықтықтан өткізу жұмыстарының қорытындылары талқыланған екі жақты кездесуде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлына жоғары деңгейде ұйымдастырылған жұмыс үшін алғыс білдірді.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті және Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп, Құрбан айтты карантин режимін сақтай отырып өткізу жөнінде арнайы штаб құрған болатын.
Штаб міндетіне Атырау қаласы және Жылыой аудандарында онлайн форматта құрбан шалу рәсімін ұйымдастыру, мал базарлары, мал сою пункттерінің санитарлық талаптарға сәйкестігі, мұқтаж отбасылар тізімін бекіту, мұқтаж жанұяларға құрбан малының етін шұғыл жеткізу, жалпы, тәртіп мәселесінің сақталуы, мал бағасының өсуін болдырмау сияқты міндеттер кірген еді.
Айта кетелік, Құрбан айт мейрамы кезінде Атырау облысында барлығы 1211 мал құрбандыққа шалынып, 4016 отбасына ет таратылды.
Құрбан айт кезінде атқарылған жұмыстар бойынша Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы брифинг берді.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.