Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы имам Айтжан Әбдіровті қабылдады

Қабылдау барысында Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар легі талқыланды.

Қазіргі таңда мешіт карантин жағдайында жұмыс атқарып жатыр.

Сондай ақ, мүфтият бекіткен жеті негізгі бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар легі талқыланды.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша, осындай жеке қабылдаулар Атырау қаласындағы және аудандардағы барлық мешіт имамдарымен өтеді. Ондағы мақсат – әр мешіттегі ахуалмен жете танысу және бағыт беріп отыру» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.